Қара және түсті металл транзитіне шектеу қойылмақ
Құжат ашық талқылауға шығарылды
Қазақстан қара және түсті метал транзитіне 3 жылға шектеу енгізуді көздеп отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұл туралы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған Үкімет Қаулысында жазылған.
Мыс, алюминий, қорғасын, қара металл қалдықтары мен сынықтары, балқытуға арналған қара металл құймалары, пайдалануда болған құбырлар, рельстер, теміржол төсемі мен жылжымалы құрам элементтері, қорғасын батареялары, құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар, химиялық түрі бойынша сұрыпталған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ, сұрыпталмаған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ түсті металдардың Қазақстан аумағы арқылы транзитін 3 жылға шектеу енгізілсін, - деп жазылған Қаулыда.
Шектеу енгізілуі мүмкін түсті және қара металдардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық салаға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс әсер етпейді, - деп жазылған Қаулыда.
Құжат 20 ақпанға дейін ашық талқыланады.