×

Кәрім Мәсімовке қатысты тергеу бес қылмыстық іс бойынша жүріп жатыр - ҰҚК

ҰҚК-ның экс-басшысы 6 сәуірге дейін қамауда болады

 Халық үні 25.03.2022 | 09:46
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты тергеу бес қылмыстық іс бойынша жүріп жатыр.

ҰҚК тергеу тобының мәліметінше, Кәрім Мәсімовке және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр: пара алу; қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану; мемлекетке опасыздық жасау; Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту; Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату).

Еске салайық, 14 наурызда Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасына қатысты қамауға алынған Кәрім Мәсімовтің 17 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтты.

Бас прокурор ҰҚК бұрынғы төрағасы мен оның үш орынбасарына, екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатқанын айтты.

«Оның ішінде мемлекеттік опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу үшін билікті асыра пайдалану және пара алу бойынша қылмыстық істер тергелуде. Бұрынғы төраға мен оның орынбасарлары қамауда. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық бағаны сот береді. Бірақ, алдын ала айтар болсақ, аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодекспен 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Қазір тергеу әлі жүргізіл жатыр», - деді Берік Асылов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісі: соққыға жығылған заңгер ерлі-зайыпты мәлімдеме жасады

Адвокат Анна Дмитриевич Дәулет Тұрлыхановтың сөзін жоққа шығарды
30.03.2023 | 07:45

«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген ер адам көз жұмды

Ер адам айна жасайтын зауытта жұмыс істеген
30.03.2023 | 06:05

Ақтөбедегі қанды оқиға: марқұмдардың туысы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Енесі қаралы хабарды таң ата тәртіп сақшыларынан естігенін айтады
30.03.2023 | 01:44

Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды: шетелдік ерлі-зайыпты көз жұмды

48 жастағы жүргізуші және оның 49 жастағы әйелі оқиға орнында көз жұмды
29.03.2023 | 23:45