×

Оқ атудан Қазақстан құрамасы Әлем кубогында 1-орынды иеленді

 Динара Амантай 07.02.2023 | 12:14
Фото: gov.kz

Қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алып, оқ атудан Әлем кубогының медальдық есебінде 1-орынға ие болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, оқ атудан Қазақстан құрамасы рейтингтік Әлем кубогында командалық 1-орынды иеленген. Индонезия астанасы Джакартада өткен жарыста ел намысын 15 спортшы қорғады. Олар 11 медальді (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) жеңіп алды.

Жалпы, бұл әлемдік додаға 32 елден 350 спортшы қатысқан болатын. Соның ішінде Қазақстаннан чемпиондық атаққа Никита Чирюкин мен Арина Алтухова және құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Григорьева өнер көрсеткен әйелдер құрамасы ие болды.

Айта кетейік, Индонезиядағы Әлем кубогы рейтингтік жарыс болғандықтан, оның қорытындысы бойынша ұпайлар үлестіріліп, командалар ISSF кестесінде көтеріледі. Демек 2024 жылғы Париж Олимпиадасының лицензияларын иеленуге мүмкіндік беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама