Halyq Uni логотип
×

Асхат Аймағамбетов «диплом таратқан» университеттермен қалай күрескенін айтты

Бүгінде 100 мыңнан аса студент сапалы жоғары оқу орындарда оқып жатыр

 Дәурен Ерболат 07.02.2023 | 11:50
Асхат Аймағамбетов «диплом таратқан» университеттермен қалай күрескенін айтты
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ведомство басшысы болғанда «диплом таратқан» университеттермен қалай күрескенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біз сапасыз ЖОО-ларды жаптық. Онда балалар сабаққа бармайды, бірақ диплом алып шығады. Осы университеттерде оқыған 100 мыңнан аса студент осы сапасыз ЖОО-лар жабылғаннан кейін жақсы университеттерге ауыстырылды. Қазір олар сапалы білім алып жатыр. Бұл неге керек? Мысалы, сіз балаңызды балабақшаға апарасыз, дәрігерге, мұғалімге барасыз. Міне, сонда 100 мыңнан аса сапасыз маманмен кездеспейсіздер, - деді экс-министр AMANAT партиясының кезектен тыс съезінде.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласында AMANAT партиясының кезектен тыс XXV съезі өтіп жатыр. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралып жатыр:

  • Партия саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы;
  • Партиялық тізімдер және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды бекіту туралы;
  • Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама