×

Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия құжаттарын ұсынды

Мәжіліс сайлауы 19 наурызда өтеді

 Динара Амантай 07.02.2023 | 09:57
Фото: azh.kz

Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партияның құжаттары ұсынылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 6 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:

1.«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі;

4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін 19 наурызда Мәжіліс сайлауы өтетінін хабарлаған болатынбыз. Науқанға 7 саяси партия қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама