Шымкентте жер сілкінді: ТЖД мәлімдеді жасады
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы дерек жоқ
Бүгін сағат 19-02-де жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады.
Оның кіндік нүктесі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 628 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.7. MPV магнитудасы 5.4. Кіндік нүктесінің координаттары 42.72°С. Е. 69.24°ш. б. тереңдігі 5 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Шымкент қ. – 2-3 балл.
«Қала тұрғындарынан үрейленбей, тыныштық сақтауын сұраймыз», - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы дерек жоқ.