Вице-премьер Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
ВАК елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын ескере отырып, бірқатар шешім қабылдады:
- үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау;
- медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды тағу міндетін өз күшінде қалдыру;
- адам көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру;
- білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.
Сондай-ақ ВАК шешімімен Pfizer вакцинасын ала алатын тұлғалар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:
- бастапқы вакциналаудан өтетін, профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар;
- түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;
- шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;
- COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.