Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда маска тағуға қатысты бірқатар шешім қабылданды

Pfizer вакцинасын ала алатын тұлғалар контингенті кеңейтіледі

 Айнұр Шошаева 24.03.2022 | 23:22
Қазақстанда маска тағуға қатысты бірқатар шешім қабылданды
фото © Алиакбар Қадырбаев

Вице-премьер Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

ВАК елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын ескере отырып, бірқатар шешім қабылдады:

  • үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау;
  • медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды тағу міндетін өз күшінде қалдыру;
  • адам көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру;
  • білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.

Сондай-ақ ВАК шешімімен Pfizer вакцинасын ала алатын тұлғалар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:

  • бастапқы вакциналаудан өтетін, профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар;
  • түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;
  • шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;
  • COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама