×

Түркиядағы жер сілкінісі: Жаңа мәліметтер белгілі болды

Зілзала қайталануы мүмкін 

 Халық үні 06.02.2023 | 19:53
Фото: life

Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында болған екі күшті жер сілкінісі салдарынан 1500-ден астам адам қаза тапты. Бұл туралы республиканың вице-президенті Фуат Октай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Жер сілкінісі салдарынан 1541 адам қаза тауып, 9733 азаматымыз зардап шекті. Соңғы мәліметтер бойынша 3471 ғимарат қираған», - деді ол Анкарада өткен баспасөз мәслихатында.

Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды. Кейін Түркияда 7,7 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оған көршілес Сирияда 460-тан астам адам қаза тапты.

Бұрын хабарланғандай, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі орын алды. Төтенше оқиғаның салдары Сирияда, тіпті Грузияда да сезілуде. Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан және зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға елдің оңтүстік-шығысында көптеген құрбан болғанына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан да Түркияға шұғыл көмек көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02