Halyq Uni логотип
×

Екібастұзда жылу ақысын қайта есептеу алгоритмі ұсынылады (ВИДЕО)

Өңір басшысы жылу желілеріндегі жұмыстың сапасын тексерді

 Дәурен Ерболат 06.02.2023 | 17:35
Екібастұзда жылу ақысын қайта есептеу алгоритмі ұсынылады (ВИДЕО)
Фото: egemen.kz

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұзда жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімі Аян Бейсекин, Екібастұз ЖЭО директоры Дмитрий Захаров және «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Владимир Лесин баяндама жасады. Келесі аптаның басында олар халыққа жылу төлемдерін қайта есептеу алгоритмін ұсынуы керек.

Тұрғын үйлердің кіреберістерінде жылуды қалпына келтіру жұмыстарының басталуын мақұлдадым. Қажетті радиаторлар бар. Алдағы көктемгі-жазғы жөндеу науқанына да материалдар сатып алуды тапсырдым, - деді облыс әкімі. 

Сондай-ақ өңір басшысы Екібастұз супермаркеттерінің біріне барып, азық-түлік сатып алды. 

Жергілікті баға саясаты қанағаттандырмады. Павлодарға қарағанда 10 жұмыртқа 110 теңгеге қымбат. Жарма, қант, макарон өнімдерінің құны да жоғары, - деді Аян Бейсекин.

Сондай-ақ Асайын Байханов Екібастұзда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама