Уланудың пеште түтін тартудың болмауы себебінен болғаны анықталды
Абай облысында бір ересек адам мен жасөспірім газдан уланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 ақпанда жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен жедел жәрдем бригадасының Козбагаров, 23 мекенжайына барғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған үйде 1 ересек және 1 жасөспірімнің газдан уланғаны анықталды. Ақпарат жинау барысында уланудың пеште түтін тартудың болмауы себебінен болғаны анықталды.
Абай облысының ТЖД жеке үй құрылыстарының иелерінен пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.