СҚО-да заңсыз қару сақтаған үш адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
24 наурызда күндізгі сағат он екі кезінде Петропавл полициясының кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау шалып, отбасылық жанжал болып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 61 жастағы үй иесінің мас екендігін байқаған. Учаскелік полиция инспекторы мән-жайды анықтау кезінде баспанадан тегіс ұңғылы шолақ мылтықты (дара ауыз) тапқан.
Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-бөлігі (Қаруды, оқ дәрілерді, жарылғыш құрылғыларын заңсыз имдену, беру, өткізу, сақтау тасымалдау) бойыншы іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Табылған шолақ мылтық сараптамаға жіберілді.
61 жастағы ер азаматтың кінәсі дәлелденсе, ол ірі көлемде айыппұл төлейді. Не болмаса бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Үшінші ақпаннан бері патрондармен қаруды заңсыз сақтау фактілері бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. Тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды сақтағаны үшін 28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді СҚО полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.