×

Алматыда жүргізушілердің әрекеті «Сергек – Патруль» арқылы бақыланады

Ол ауа райының қолайсыздығына қарамастан жұмыс істей береді

 Дәурен Ерболат 06.02.2023 | 13:13
Фото: azh.kz

Алматыда «Сергек – Патруль» жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы полициясында жаңа «Сергек – Патруль» кешені таныстырылды. Бұл жүйе мегаполисте жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апат деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Камералар мен жоғары интеллект көмегімен жүйе қажет автомобильді көлік ағынының ішінен анықтайды әрі мемлекеттік нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді, - деді ІІМ өкілі.

«Сергек – Патруль» мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жалған нөмір еместігіне, техникалық байқаудың және сақтандыру полисінің болмауына, төленбеген айыппұлдардың болуына, ұрлыққа және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын тексереді.

Бағдарлама қоғамдық көлікке арналған жолақтарда жол ережесін бұзу дерегін де түсіре алады.

Жаңа автоматтандырылған кешен өзінің техникалық мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартты. Жабдық қараңғы уақытта, қолайсыз ауа-райында және аязда жақсы жұмыс істейді. Автоматтандырылған бағдарламалық кешен «Қорғау» мобильді қосымшасымен біріктірілді, - деді Шұғыл Тұрлыбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама