Екі аптада қанша шетелдік көлік заңдастырылды?
Автомобильді рәсімдеу 27 қаңтарда басталды
Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек 2 аптада қанша шетелдік көліктің жеңілдетілген тәртіппен рәсімделгенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгінде 36 мың қазақстандықтың автомобилін заңдастыру мақұлданды. 16 мыңға жуық адамның көлігі тіркеуден өтті, - деді Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-де өткен брифингте.
Айта кетейік, шетелдік көліктерді заңдастыру 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады. Өтінім беру тәсілдері: eGov.kz, банктердің қосымшалары және ХҚКО арқылы қабылданады.
Сондай-ақ ІІМ көлікті заңдастыруға қатысты мәлімдеме жасаған еді.