Скляр мен Байхановқа Екібастұздағы жұмыстарды бақылау тапсырылды

Динара Амантай

Қала тұрғындарының пәтерлері мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру қажет

Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұз тұрғындарына қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда, оларға Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар, президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.