Halyq Uni логотип
×

Үкімет Арқалық қаласын дамыту жоспарын әзірледі

Жобаларды жүзеге асыруға шамамен 505 млрд теңге керек

 Дәурен Ерболат 06.02.2023 | 11:00
Үкімет Арқалық қаласын дамыту жоспарын әзірледі
Фото: alex-cher.livejournal.com

Қостанай облысының Арқалық қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін кешенді жоспар жобасы әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды.

Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін тиісті кешенді жоспар жобасы әзірленді. Көрсетілген жоба жалпы сомасы 504,6 млрд теңге болатын 138 іс-шарадан тұрады. Бүгінде ол мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Осыдан кейін республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығарылады, - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, қаланы дамытуға қатысты қосымша ақпарат депутаттарға жіберіледі.

«Жалпы, жоғарыда көрсетілген мәселелер Үкіметтің ұдайы бақлауында және оларды шешу бойынша жұмыс одан әрі жалғасады», - деді Үкімет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама