×

Түркияда жер сілкінісінен 76 адам қаза тапты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылып жатыр

 Динара Амантай 06.02.2023 | 11:11
Фото: t.me/trtnarusskom

Түркияда болған жер сілкінісі салдарынан 76 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Анадолыға сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болған. Содан кейін жер сілкінісі әртүрлі аймақтарда – Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.

Дәл қазіргі жағдайда табиғи апат салдарынан қаза тапқан 76 адам анықталған.

- Османие провинциясында кемінде 7 құрбан бар.

- Малатияда кемінде 23 адам қаза тапты, 420 адам жарақат алды, 140 ғимарат қирады.

- Диярбакыр провинциясында 8 қабатты ғимарат опырылып, 6 адам қаза тапты.

- Шанлыурфа провинциясында кем дегенде 16 үй құлады. Қаза тапқандар саны 15-ке жетті.

- Аданада 3 көпқабатты тұрғын үй толығымен қирап қалды.

Түркия елінің басшылығы қауіп-қатердің ең жоғары деңгейін жариялады. Ол бойынша халықаралық көмекке жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі де толықтырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама