Halyq Uni логотип
×

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Ол еңбек жолын 2001 жылдан бастаған

 Динара Амантай 06.02.2023 | 09:50
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов 1980 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» профилі бойынша PhD докторы.

Еңбек жолын 2001 жылдан бастаған.

2001-2005 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы;

2005-2013 жылдары Сенат аппаратында қызмет атқарған;

2013-2014 жылдары – «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің басшысы;

2015-2016 жылдар аралығында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2016 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың мамырына дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры болды.

2018 жылдың мамыр айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы;

2019 жылғы тамыз, 2020 жылғы ақпан айларында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы;

2020 жылдың ақпаны, 2021 жылдың мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау департаментінің директоры болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама