×

Әйелдер күресінен Спартакиада чемпиондары анықталды

Эльмира Сыздықова туған күнінде алтын жүлдені жеңіп алды

 Дастан Жұмабекұлы 06.02.2023 | 09:44
фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әйелдер күресінен VI жазғы Спартакиаданың чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды.

Спартакиадада биыл жарақатын емдеп, бір жылдан кейін бозкілемге қайта оралған Эльмира Сыздықова туған күнінде Спартакиданың алтын жүлдесін жеңіп алды. 31 жасқа толған балуанды Қазақстан грек-рим еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов финалдардың алдында арнайы құттықтады.

Эльмира Сыздықова – Олимпия ойындарында жүлде жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы (2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада). Ол финалдан кейін берген сұхбатында әлі толық бабына келмегенін, енді дайындықты жалғастырып, халықаралық жарыстарда құрмет тұғырының ең биік сатысына қайта шығуға бар күш-жігерін салатынын айтты.

Барлық белдесуден кейін әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сағадиев балуандардың дайындық жоспарына тоқталды. Ол биыл екі құрама жасақталып, олардың халықаралық жарыстарда кезек-кезек өнер көрсететінін атап өтті.

Ертең және арғы күні еркін күрес шеберлері Спартакиададағы балуандар додасын аяқтайды. Енді назарларыңызға чемпиондар мен жүлдегерлердің тізімін ұсынайық.

50 кг:

1.Эллада Махяддинова (Ақмола облысы)

2. Светлана Анкичева (Астана)

3.Марал Тәңірбергенова (Маңғыстау облысы), Камила Апекова (Павлодар облысы)

53 кг:

1. Алтын Шағаева (Алматы облысы)

2. Гүлжазира Амантаева (Қостанай облысы)

3. Мадина Асан (Алматы қаласы), Зейнеп Баянова (БҚО)

55 кг:

1. Марина Седнева (Алматы облысы)

2. Гүлсамал Нұрлан (Ақтөбе облысы)

3. Зульфия Яхьярова (Қарағанды облысы), Лаура Алмағамбетова (Қостанай облысы)

57 кг:

1. Нилуфар Райымова (Түркістан облысы)

2. Айнұр Әшімова (Алматы облысы)

3.Татьяна Тарабрина (БҚО) мен Айжан Исмағұлова (Ақтөбе облысы)

59 кг:

1. Диана Каюмова (Астана)

2. Айгерім Ибрашева (Ақтөбе облысы)

3. Данагүл Мәлкен (Түркістан облысы) мен Эмма Тисина (Астана)

62 кг:

1. Ирина Кузнецова (Ақмола облысы)

2. Аяулым Қасымова (Алматы облысы)

3.– Әсия Әлібек (Шымкент) мен Жангүл Болд (Ақмола облысы)

65 кг:

1. Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы)

2. Дариға Әбен (Түркістан облысы)

3. Тыныс Дубек (Алматы облысы) мен Диляра Айтжанова (Ақмола облысы)

68 кг:

1. Елена Шалыгина (Шымкент)

2.Гауһар Мұқатай (Алматы қаласы)

3. Амина Теміртасова (Ақмола облысы) мен Шәмшиябану Тастанбек (Түркістан облысы)

72 кг:

1. Жамила Бақбергенова (Астана)

2. Анастасия Панасович (БҚО)

3. Александра Зайцева (Ақмола облысы) мен Ақмарал Асанқызы (Қарағанды облысы)

76 кг:

1. Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы)

2. Гүлмарал Еркебаева (Астана)

3. Алина Ертөстік (Ақтөбе облысы), Ұлбосын Қожамберді (Алматы облысы)

Жалпы есепте Алматы облысы 1-орын (144 ұпай) алса, одан кейінгі орындарға Ақмола (115) мен Түркістан облысы (113 ұпай) жайғасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама