Өңірдегі жағдай бақылауда
Жамбыл облысындағы бірнеше ауданда су тасқыны қаупі жойылды, деп хабарлады ТЖМ.
Ведомство мәліметінше, өңірде еріген қар және жаңбыр суының елді мекендерді басу салдары жойылған.
Бүгінде Меркі және Тұрар Рысқұлов ауданында алдын алу шаралары жалғасып жатыр. Еріген қар суын ашық аумақтан айдау жүргізілуде. Су бұру арналары тазартылып жатыр. Бұл жұмыстарға 140-қа жуық адам және 40-тан аса техника жұмылдырылды, - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленетіні хабарланған еді.