×

1500-ден аса қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр

7 науқастың жағдайы ауыр

 Дәурен Ерболат 06.02.2023 | 09:10
Фото: oqu.news

Қазақстанда 1500-ден аса адам COVID-19-дан емделіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус 33 адамнан табылды. Сондай-ақ 1 562 адам COVID-19-дан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 441 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 7 адамның жағдайы ауыр және өте ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама