Halyq Uni логотип
×

Доллар бір теңгеге арзандады: 6 ақпандағы валюта бағамы жарияланды

Доллар бағамы бір теңгеге арзандап, 458,69 теңге болып бекітілді

 Халық үні 06.02.2023 | 08:46
Доллар бір теңгеге арзандады: 6 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Фото: latifundist.com

Қазақстанның Ұлттық банкі 6 ақпанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі. 

Бүгін, яғни дүйсенбіде доллар бағамы бір теңгеге арзандап, 458,69 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында америкалық валюта бағамы 459,92 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 6,52 теңге болды.

Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 458,5 теңгеден сатып алынып, 462,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 459,5 теңгеден сатып алынып, 462,5 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 458,69 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 501,3 (еуро)
  • RUB / KZT – 6,52 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 24,37 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 68,04 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,32 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 4,07 (өзбек сомы).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама