Бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдау басталады
Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар
6 ақпаннан бастап көлік алу үшін жеңілдетілген несиеге өтінім қабылдау басталады.
Өтінімдер Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы қабылданады. Өтінім беру үшін компьютер арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады.
Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.
Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы жинақталады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы «Жеке кабинет» арқылы тексеріледі.
Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасының шарты мынадай:
– бір автокөліктің құны – 15 миллион теңгеден аспайды;
– қаржыландыру сомасы – 10 миллион теңге;
– қаржыландыру мерзімі – 7 жыл;
– бастапқы жарна төлемейсіз.
Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС қатысады. Жеңілдетілген несие алатын адамның өтінімі мақұлданса, бұл компаниялар 2 ай ішінде автокөлікті жеткізіп беруі тиіс.