4 өңірде ескерту жарияланды
4-10 ақпан аралығында Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында қар аралас жаңбыр және қатты жауын-шашын түсуі мүмкін
«Қазгидромет» РМКҚ төрт аймақтың ауа райына қатысты ескерту жариялады.
Синоптиктердің дерегіне қарағанда, 4-10 ақпан аралығында Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында қар аралас жаңбыр және қатты жауын-шашын түсуі мүмкін.
«Сондай-ақ температураның күрт жоғарылауына байланысты қар мен мұздың тез еруі, беткейден су ағыны және өзен деңгейінің көтерілуі ықтимал. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Ал ТЖМ азаматтарға өз үйлерінің аула аймақтарын қардан, арықтарды қоқыс пен мұздан уақытында тазарту қажеттігін ескертеді.
Су деңгейі көтерілген жағдайда 112 телефонына хабарласу қажет.