Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясының төрағасы болып сайланды

Халық үні

Олжас Сүлейменов бірауыздан партия төрағасы болып сайланды

Фото: kaztag.kz

Алматыда «Қазақстан халық конгресі» жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті. Ел аймақтарынан келген бастамашыл топтың мүшелері бағдарламалық құжаттар мен дамудың негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Съезге еліміздің әр өңірінен барлығы 1 500-ге жуық делегат келді.

Партия бағдарламасында экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары қамтылған. Олжас Сүлейменов бастаған белсенділер бар тәжірибе мен күш-қуатты азаматтық қоғамды біріктіруге бағыттайтындарын жеткізді.

Олжас Сүлейменов бірауыздан партия төрағасы болып сайланды.

Партия Жарғысының жобасы да бірауыздан мақұлданды.