×

Темекі өндірушілерге қосымша міндеттеме жүктелмек

Жоба Ашық НҚА порталына талқылауға шығарылды

 Халық үні 05.02.2023 | 14:49
фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы Ережеге оны өзектілендіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті. 

Жоба «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-1-бабының 1 және 2-тармақтарын іске асыру мақсатында әзірленді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережені өзектендіруге және оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Жоба 2023 жылдың 30 қаңтарында Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылды және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама