×

Қабырғасы сынған: Атырауда 11 жастағы қызды әкесі намаз оқуға күштеп мәжбүрлеген

Ол қаңтарда сыныптасының әкесінен көмек сұраған

 Еркеғали Болатұлы 05.02.2023 | 14:04
фото: ашық дереккөз

Атыраулық ер адам 11 жастағы қызын ұрып-соғып, дұға жасауға мәжбүрлеген. Әкесінен зәбір көріп, үйінен қашып кеткен жасөспірім қазір кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр.

Бұл туралы өзін бейімдеу орталығының қызметкерімін деп таныстырған Дильназ Әділжанқызы Facebook-тегі парақшасына жазды. Оның айтуынша, жәбірленуші қыздың анасы түрмеге түскен. Бостандыққа шыққан соң ол балаларынан бас тартып, отбасынан кетіп қалған.

Былтыр қыз әжесінен ауруханаға апаруды өтінген. Аурухана дәрігерлері жасөспірімнің денесінен жарақатты, көгерген дақты, қабырғасы сынғанын анықтаған. Ол кезде бала дәрігерлерге ештеңе айтпаған. Ал биылғы қаңтарда сыныптасының әкесінен көмек сұраған. Ол жасөспірімді полицияға жеткізген. Полиция қызметкерлері әкесінен қорлық көрген қызды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды, - дейді Дильназ Әділжанқызы.

Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама