Halyq Uni логотип
×

Еліміздегі қозғалысы қарқынды 5,5 мың шақырым тасжол ақылы болады

Оларға жан-жақты жабдықталған 100-ге жуық бақылау аркасы орнатылды

 Еркеғали Болатұлы 05.02.2023 | 11:13
Еліміздегі қозғалысы қарқынды 5,5 мың шақырым тасжол ақылы болады
фото: ашық дереккөз

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шаралары қаралды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту және республикалық маңызы бар жолдардың сапасын жақсарту мақсатында қозғалысы қарқынды бірқатар тасжолды ақылы ету жобасы жүзеге асып жатыр.

I кезеңде ұзындығы 5,5 мың шақырым жолдарда бейнебақылау камераларымен, лидарлармен, байланыс антенналарымен және басқа да құралдармен жабдықталған 100-ге жуық бақылау аркасы орнатылды. Атап айтқанда, ұзындығы 1,5 мың шақырым I санаттағы учаскелер 2021 жылғы қарашадан бастап ақылы болған. Бұл жол төсеміне күтім жасауға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және ілеспе инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша I кезең учаскелерінде жүк көліктерінің жүріп өткені үшін ақы алу жүйесін іске қосу бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бұл бірінші кезекте Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік көлікке қатысты болады.

Премьер-министр жол желісін жаңғырту кезінде бейнебақылауды күшейтуге, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға баса назар аудару қажет екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама