×

Жамбыл облысында бірнеше ауданды су басты

60-қа жуық адам, 6 техника және 4 мотопомпа жұмылдырылған

 Халық үні 04.02.2023 | 22:45
фото: ТЖМ

Күннің жылынуына байланысты Жамбыл облысында еріген қар суы аулаларға жайылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. 

Ведомство мәліметінше, Тұрар Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарында бірнеше елді мекенде аула аумақтарын еріген қар суы басқан. ЖАО және ТЖД күшімен аула аумақтарынан еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Рысқұлов ауданы бойынша жағдай тұрақты. 60-қа жуық адам, 6 техника және 4 мотопомпа жұмылдырылған.

Шу ауданында да осындай жағдай, ол жерде де құтқарушылар жұмыс жүргізуде. Сарысу ауданында бір аула аумағынан су айдау жұмысы басталды.

Рысқұлов ауданының бірқатар елді мекендеріндегі жұмыс аяқталған соң күш-құралдар кезекшілік атқару және қажетті жұмысты жүргізу үшін Жақсылық ауылына жіберілді.

«Құрметті азаматтар! Есіңізде болсын, арық жүйесін уақтылы тазарту, қар шығару, арықтарды қоқыстардан тазарту және басқа да алдын алу шаралары - маңызды профилактика саналады және тұрғын үй мен көшелерді су басудың алдын алуға көмектеседі», деп ескертті ТЖМ.

Естеріңізге сала кетейік, 4-10 ақпан аралығында өңірде дауылды ескерту жарияланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02