Асхат Аймағамбетовтің қайда қызметке баратыны белгілі болды (ВИДЕО)
Осы сала әрқашан жүрегіме жақын, дейді ол
Экс-министр Асхат Аймағамбетов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қайда қызметке баратынын айтты.
Қазір мен жоғары оқу орындарының бірінде оқытушы болып жұмыс істеуге дайындалып жатырмын. Бұған дейін басқа да жоспарлар болды. Бірақ мен ұстаздықты таңдадым. Себебі бұл маған қызық. Кезінде ұстаз болып жұмыс істегендіктен, осы сала әрқашан жүрегіме жылы, жақын болып тұрады, - деді Асхат Аймағамбетов.