Қызылордада мұнай компаниясының екі жүргізушісі жұмбақ жағдайда көз жұмды
Біреуі демалыс бөлмесінде, екіншісі көлікте өлі табылған
Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі жүргізушісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға 3 ақпанда «Арысқұм» кен орнында болған. Қайтыс болған екі адам да қосалқы мердігер жүргізуші болып жұмыс істеген.
«3 ақпанда сағат 11:38 шамасында «Саутс Ойл» ЖШС қызметкерлері қайтыс болды», - делінген ведомство хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, біреуі демалыс бөлмесінде, екіншісі көлікте өлі табылған.