×

Министр Түркістан облысында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді (ВИДЕО)

Қазір өңірде жағдай тұрақты, ешқандай қауіп жоқ

 Динара Амантай 04.02.2023 | 15:05
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және мүдделі ұйымдардың өкілдері Түркістан облысында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әуеден барлау жұмыстары барысында Сауран ауданының аумағында, Қаратау беткейінде және Сырдария мен Арыс өзендерінің бойында бұған дейін су басқан елді мекендерге аэровизуалды шолу жүргізген.

Әуеден барлау жұмыстарынан кейін министр жергілікті атқарушы органдармен және су шаруашылығы мекемелерімен кеңес өткізді, онда ағымдағы жағдайдың тұрақтанғаны және қалыптасқан метеорологиялық жағдай негізінде қажетті алдын алу шараларын қабылдау мәселелері талқыланды.

Қазір жағдай тұрақты, ешқандай қауіп жоқ.

Сонымен қатар құтқару бөлімшелері атқарушы органдармен бірлесіп қосымша алдын алу шараларын қабылдап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама