Ақтөбеде ер адам зейнеткерді тонап кетті (ВИДЕО)
Ол ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген
Ақтөбеде зейнеткерді тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1 ақпанда Ақтөбе қаласының О.Кошевой мен Есет батыр көшелерінің қиылысында белгісіз ер адам 68 жастағы зейнеткерді артынан итеріп, ішінде банк карталары, жеке куәлік пен 50 мың теңге ақша бар сөмкесін ұрлап кеткен.
Жедел іс-шаралар барысында 28 жастағы күдікті ұсталды. Ол ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген.
ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.