Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын анықтады
Видео «Astana_sergek» Instagram-парақшасында жарияланды.
«2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түнгі сағат 3.20. 26-мектепке оқушы келген. Полиция шақырдық, алып кетті. 1-сынып оқушысы бұл уақытта не істеп жүруі мүмкін», - делінген видеода.
Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
«3 ақпанда сағат 3.26-да «102» каналына Конституция көшесі бойындағы мектеп маңында кішкентай қыз бала тұрғаны туралы хабарлама түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері қыздың үйінде сағат үште оянып, сағат 7-ні көрсетіп тұрған соң киініп, мектепке келгенін анықтады. Қызының үйде жоқ екенін ата-анасы полицейлерден білді. Қыздың заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп хабарлады полициядан.