Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді
Таразда 4 жасар бала токқа түсіп қалды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Тараз қаласында Абдуллин көшесі бойында ересектердің қарауынсыз қалып, трансформатордың жанында ойнап жатқан кезде 2018 жылы туған баланы электр тоғы соғып, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.