Halyq Uni логотип
×

Атырауда әйел баласын аукционмен сатып жіберген

Бала мен анасына сот-биологиялық сараптама тағайындалды

 Халық үні 03.02.2023 | 20:33
Атырауда әйел баласын аукционмен сатып жіберген
Фото: astanatv.kz

Атыраулық әйел сәбиін аукционмен сатып жіберген, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Ол баланың әкесіне нәрестенің қайтыс болғанын айтып, өзі сатып алушыларды іздепті. Екі сатып алушыны тауып, көбірек ақша берген адамға баласын ұстатып жіберген. Безбүйрек ана Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны көрінеді. Тіпті келіншектің бұған дейін де баласын сатқан болуы мүмкін деген ақпарат бар.

Полиция департаменті ақпаратты растады. Қазір «Кәмелетке толмағандардың саудасы» бабымен іс қозғалды. Күдікті әзірге баласының жанында, бостандықта.

«Қазіргі таңда 1991 жылы туған күдіктіге қатысты ҚК 135-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Бала мен анасына сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ қазіргі таңда куәгерлерден жауап алынды. Өзге ақпапаттар ҚПК 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», -дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама