×

Украинада тәулікте 600-ден астам ресейлік сарбаз жер жастанды

Ресей жауынгерлері жүздеп қырылып жатса да алға қарай ұмтылуда

 Дастан Жұмабекұлы 03.02.2023 | 15:09
фото: ашық дереккөз

Украина Қарулы күштері өткен тәулікте 600-ден аса ресейлік басқыншыны жер жастандырды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина армиясы барлық бағыттарда жауға күйрете соққы беріп, оккупанттарды топтап жойып жатыр. Украина Қарулы күштері Бас штабының мәліметі бойынша, 600-де аса Ресей әскерилері оққа ұшқан.

Жалпы, Ресей Федерациясы Украина жеріне басып кіргелі бері 129 030 адамынан айырылған, сондай-ақ 3 211 танкісі жарамсыз болып қалған.

Украина Қарулы күштері Ресей Федерациясының оккупациялық әскерлерін барлық майдан шептерінде жойып жіберуді жалғастырып жатыр. Тек өткен тәулікте ғана 610 оккупант жер жастанды, – делінген хабарламада.

Ресей басқыншылары Лиман, Бахмут, Авдеевка және Новопавлов бағыттарында шабуылдау әрекеттерін жалғастырып жатыр. Жау Луганск және Донецк облыстарының әкімшілік шекарасына шығу жоспарынан әлі ауытқыған жоқ. Ол сарбаздары жүздеп қырылып жатса да алға қарай ұмтылуда.

Донецк облысының Бахмут елді мекеніндегі ахуал да өте қиын жағдайда. Онда негізгі шайқас қаланың шетіндегі үйлер аумағында болып жатыр. Украин сарбаздары әзірге түйінді логистикалық жолдардың бәрін бақылауда ұстап тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама