Зимбабведе құрметті қарауыл Лукашенконы шығарып салуға текені жетектеп әкелді (ВИДЕО)
Таңғажайып ел екен, - деді Беларусь басшысы
Беларусь президенті Александр Лукашенко Африкадағы Зимбабве мемлекетіне жасаған сапарын аяқтады. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.
Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің Зимбабвеге сапарын аяқтады. Мейманды аэропортта құрметті қарауылмен, музыкамен, бимен және текемен шығарып салды, – деп жазды gazeta.ru.
Осы сәт жайындағы видео «Пул Первого» Telegram-арнасы жарияланды.
«Жергілікті қарауыл ротасының штатында өзгеше бір қызметкер бар екен», – деп атап өтті арнаның авторлары.
Ақпарға сәйкес, айтылып тұрған текенің мүйізі, тұяғы және құйрығы боялып қойылыпты. Ол құрметті қарауылдың қатарында тұрған.
Рас, хабарда сондай-ақ Лукашенконы әуежайда Зимбабвенің президенті Эммерсон Мнангагваның өзі шығарып салғаны айтылады. Сол жерде ол белорус лидеріне сапары барысынан түсірілген фотоальбомды ескерткіш ретінде тапсырған. Аэропорт алаңында жергілікті шеберлер құрметті қонақтың құрметіне ән салып, би билеген. Ал Лукашенко сапары аяқтала бастағанда құрметті қонақтардың қолтаңбасы қойылатын кітапқа естілік жазып қалдырған. Ол осы елдің президенті Эммерсон Мнангагваға алғыс айта келіп, «Зимбабве таңғажайып, әдемі ел екен» деп пікір білдірген.
Бұған дейін Беларусьтің Зимбабвеге бірқатар қару-жарақтар сатқаны белгілі болды. Осыдан кейін Лукашенконың сапары Біріккен Араб Әмірліктерінде жалғасты.