×

EURO-2025: Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

Іріктеу турнирінде 7 топта 6 құрама жасақталса, 2 топ 5 командадан болды

 Дастан Жұмабекұлы 03.02.2023 | 11:08
фото: ашық дереккөз

Футболдан жастар құрамалары арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.

Жеребе тарту рәсімінде 7 топта 6 құрама жасақталса, 2 топ 5 командадан болды.

Қазақстан футболшылары В тобында Венгрия, Шотландия, Мальта, Бельгия және Испания құрамаларымен сынға түседі.

Еуропа чемпионатына 15 команда шығуға мүмкіндік алады. Оған жарысты ұйымдастырушы ел ретінде Словакия қосылады.

Іріктеу турнирі 2023 жылдың наурыз және 2024 жылдың қараша айлары аралығында өткізіледі.

Әрбір топтан жеңімпаз және үздік нәтиже көрсетіп, көп ұпай жинаған 3 құрама Еуро додадаға тікелей жолдама алады.

Ал тобында екінші орын алған қалған 6 құрама 3 жолдама үшін өтпелі ойындар өткізеді.

Құрамалар мына топтарға бөлінді:

А тобы: Италия, Ирландия, Норвегия, Түркия, Латвия, Сан Марино;

В тобы: Испания, Бельгия, Шотландия, Венгрия, Қазақстан, Мальта;

С тобы: Нидерланд, Швеция, Грузия, Солтүстік Македония, Молдова, Гибралтар;

D тобы: Германия, Польша, Израиль, Болгария, Косово, Эстония;

E тобы. Румыния, Швейцария, Финляндия, Албания, Черногория, Армения;

F тобы: Англия, Украина, Сербия, Солтүстік Ирландия, Әзербайжан, Люксембург;

G тобы: Португалия, Хорватия, Грекия, Беларусь, Фарер аралдары, Андорра;

H тобы: Франция, Австрия, Словения, Босния және Герцоговина, Кипр;

I тобы: Дания, Чехия, Исландия, Уэльс, Литва.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама