Ол сауда үйлерінде адам тонаған
Алматыда полиция ұрлық жасаумен айналысқан Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
2 рет ұрлық жасады деген күдікпен Д. атты келіншек ұсталды. Күдікті қалаға жұмыс істеу үшін келген. Алайда ол сауда үйлерінде ұрлықпен айналысқан. Күдікті сауда үйінің бірінде келушінің қалтасынан IPhone телефонын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Қуатбек Науатов.
Бүгінде тергеушілер ұсталған келіншектің басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.