Ол алты ай бойы құмар ойынды заңсыз ұйымдастырып келген
Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Қарағанды қаласының тұрғыны А. Левскойды ұстады.
А. Левской 2021 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында Қарағанды қаласының түрлі аудандарында үй-жайларды жалға алып, құмар ойынын («Покер») заңсыз өткізген.
Оған қоса, қарағандылық азамат кейіннен ойыншылар мен «крупье-дилерлерді» тарта отырып, «курьер-дилер» рөлін атқарды.
А. Левской 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Барлық тәркіленген заттай дәлелдемелерді жою туралы шешім қабылданды.