Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда покер ойынын заңсыз ұйымдастырған азамат сотталды

Ол алты ай бойы құмар ойынды заңсыз ұйымдастырып келген

 Халық үні 02.12.2021 | 10:26
Қарағандыда покер ойынын заңсыз ұйымдастырған азамат сотталды
көрнекі фото: agusha.com.ua

Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Қарағанды қаласының тұрғыны А. Левскойды ұстады. 

А. Левской 2021 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында Қарағанды қаласының түрлі аудандарында үй-жайларды жалға алып, құмар ойынын («Покер») заңсыз өткізген.

Оған қоса, қарағандылық азамат кейіннен ойыншылар мен «крупье-дилерлерді» тарта отырып, «курьер-дилер» рөлін атқарды.

А. Левской 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Барлық тәркіленген заттай дәлелдемелерді жою туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама