×

Тасқын су ортасында қалған жүкті әйел мен баланы әкім беліне арқан байлап алып шықты (ВИДЕО)

Бұл жайында түсірілген видео әлеуметтік желіде де тарады

 Халық үні 03.02.2023 | 07:55

Тасқын су ортасында қалған жүкті әйел мен баланы ауыл әкімі беліне арқан байлап қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оқиға бүгін Бәйдібек ауданында болған. Шаян-Мыңбұлақ облыстық маңызы бар автожолмен келе жатқан «ВАЗ-2106» автокөлігі қырдан аққан ағын судың әсерінен жолдан шығып кеткен. Автокөлік ішінде 39 жастағы ер азамат және 33 жасар жүкті әйел мен 7 жасар бала болған. Олар қорыққанынан көлік үстіне шығып, көлікті паналаған.

Бұл жайында түсірілген видео әлеуметтік желіде де тарады. Онда адамдарды көлікпен бірге су ағызып бара жатқанын көруге болады. Жағада тұрғандар құтқаруға әрекеттеніп, көмек береді. Кеңес бойынша олардың бірі суға секіреді. Алайда ол біршама жерге ағып кеткен.

«Кейін машина үстіндегі қалған әйел мен баланы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Әкімбаев беліне арқан байлап су ортасынан алып шықты. Қазір олар аудандық орталық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер бақылауында» - дейді Бәйдібек ауданы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02