Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылған болатын
Нұрлан Мәсімовтің ісі Павлодар мамандандырылған қылмыстық сотына қайтарылды. Мұндай шешімді Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қабылдады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Алқа қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы үкімнің күшін жойып, істі қарау үшін Қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберді», - деді облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 7 қаңтарда Нұрлан Мәсімовтің ісі Прокуратураға кері қайтарылды.