Көлігінің жүксалғышынан адам аяғы көрінген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)
Жас жігітпен профилактикалық әңгіме жүргізілді
Петропавлда аяқ киімі бар адам аяғының муляжын көлігінің жүк салғышынан салбыратып, көшеде жүрген жас жігіт табылып, оған айыппұл салынды, деп хабарлайды Рolisia.kz.
2 ақпан күні Петропавл қаласының әлеуметтік желілердегі пабликтерінде видео тарады. Онда автокөліктің жүк салғыш бөлігінен аяқ киімі бар адамның екі аяғы шығып тұрған.
«Тәртіп сақшылары ВАЗ-2112 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісін ұстады. Қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі («Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ жас жігітпен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - делінген полиция мәліметінде.