Оның ішіне жалақы, іссапарға баратын, іссапардағы күніне төленетін ақша, ұшақ билетінің құны кіреді
Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін Мәжіліс пен Сенатқа жыл сайын 6,5 миллиард теңге жұмсалатынын айтты.
Мәжіліс пен Сенат депутаттарына қарастырылған қаражат республикалық бюджеттің баптарында көрсетілген. Бұл – ашық ақпарат. 2023 жылға Парламенттің екі палатасын қаржыландыруға 6,5 миллиард теңге бөлінген. Оның ішіне жалақы, іссапарға баратын, іссапардағы күніне төленетін ақша, ұшақ билетінің құны кіреді, - деді министр.
Айта кетсек, қазір Сенатта – 50, Мәжілісте 107 депутат бар. Жақында президент төменгі палатаны таратып жіберді. Ендігі Мәжіліс сайлауы келесі айда өтеді.