Halyq Uni логотип
×

Су басу қаупі бар жолдар бақылауға алынды

Бүгінде 350-ден аса учаске ерекше бақылауда

 Дәурен Ерболат 02.02.2023 | 17:57
Су басу қаупі бар жолдар бақылауға алынды
Фото: facebook/ kazautozhol

Су басу қаупі бар республикалық жолдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлады QazAvtoJol.

Қабылданған іс-шаралар республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіз қозғалысты, сондай-ақ жасанды құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды. Жергілікті гидрометеорологиялық жағдайларды ескеріп, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені әзірленді. Мердігер ұйымдар мен жол қызметтеріне су басу қаупінің алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелеріне сәйкес, су басу қаупі жоғары республикалық автожолдардың учаскелері анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Қазір 350-ден аса қауіпті учаске ерекше бақылауда.

Республикалық маңызы бар автожолдар ашық және су басып, шайылып кеткен учаскелер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама