Мусин «Көрінбейтін үкімет» тұжырымдамасының артықшылықтарын айтты

Динара Амантай

Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкімет бойынша рейтингінде 28-орында тұр

Фото: t.me/bagdat_mussin_official

EGOV және eGov Mobile мобильді қосымшасында мемлекеттік қызметтердің 80%-ы қолжетімді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі миристрі Бағдат Мусин Digital Almaty форумының бірінші панельдік сессиясында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министр аталған қосымшыларды дамытудағы мақсат invisible Government - бейнелеп айтқанда, «көрінбейтін мемлекет» құру екендігін, онда азамат өмір бойы талап етілетін қызметтерді проактивті форматта ала алатынын жеткізді.

Қазір біз азаматтың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінің бизнес-процестерін реинжинирингілеумен айналысып, халық арасында аса сұранысқа ие өмірлік жағдайларды қайта қарастырып жатырмыз. Мәселен, өмірлік кезең – «баланың тууы». Біз жаңа туған ананың клиенттік жолын талдадық және көптеген түсініксіз процестер бар екенін білдік. Ал ананың негізгі қажеттілігі – жәрдемақы алу, баланы емханада есепке алу сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру. Осы жылы біз жәрдемақы алу уақытын 15 күннен 1 сағатқа дейін қысқартамыз. Сондай-ақ біз патронаттық медбикені қосымшаның көмегімен шақыру туралы мәселені шешеміз, – деді Бағдат Мусин.

Сонымен бірге, ведомство басшысы Invisible Government қазақстандықтардың өміріне біртіндеп еніп жатқанын атап өтті.

Мен бірнеше рет айтқан «отбасының цифрлық картасы», «әлеуметтік әмиян», «E-Otinish» сияқты жобалар да тұжырымдаманың бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ «eDensaulyq» жаңа сервисі іске қосылды. Онда азаматтардың донорлық мәртебесі, электрондық рецепттер, медициналық қарсы көрсетілімдер, жүкті әйелдерді есепке алу, емдеуге жатқызу және басқалары бойынша кеңейтілген ақпарат жинақталған. Бұл бюрократиядан бас тарту және барлық ақпаратты қолыңызда ұстау мүмкіндігін тудырып отыр, – деді Мусин.

Мұндай жетістіктер Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі цифрландыру көшбасшыларының бірі болуына мүмкіндік беріп, одан әрі дамуын ынталандырады.

Бүгін Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкімет бойынша рейтингінде 28-орында. Бірақ рейтингтер мақсат емес, бізге тек нәтиже қажет. Мақсат – бюрократиядан, сыбайлас жемқорлықтан және жаңа әлемдегі басқа да маңызды емес нәрселерден алшақтайтын, әр азаматқа қамқорлық жасайтын адам орталығын құру, – деп қорытындылады министр.