Halyq Uni логотип
×

Жыл сайын ауылдан қалаға 200 мың қазақстандық көшеді – ҰЭМ

Көшудің басты себебі – жұмыссыздық

 Дәурен Ерболат 02.02.2023 | 16:20
Жыл сайын ауылдан қалаға 200 мың қазақстандық көшеді – ҰЭМ
Фото: kzaif.kz

Қазақстанда жыл сайын ауылдан қалаға шамамен 200 мыңға адам көшеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалаларға қоныс аударатын ауыл тұрғындарының үлесін жыл сайын ұлғайту процесі сақталып отыр. Мысалы, 2019 жылы ауылдан қалаға – 55,3% (273,5 мың), 2020 жылы – 59,3% (218,2 мың), ал 2021 жылы 63,2% (195,7 мың) адам көшкен. Сондай-ақ қаладан ауылға көшетіндердің саны 2019 жылы 33,0%-дан (201,1 мың адам) 2021 жылы 27,0%-ға (119,2 мың адам) дейін азайған, - деп жазылған Ұлттық экономика мининистрлігінің Halyq Uni тілшісінің ресми сауалына жіберген жауабында.

Ведомство мәліметінше, көшудің басты себебі – ауылдардағы жұмыс орнының тапшылығы мәне инфрақұрылымның диспропорциясы. Сонымен қатар, ауылдықтардың табысы қалалықтармен салыстырғанда төмен болып тұр.

Жалпы орта есеппен табыс жан басына шаққанда 482,4 мың теңге немесе айына 40,2 мың теңге болады. 5 жыл бойы (2017-2021 жылдар) ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа табысының өскеніне қарамастан, қаламен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есе төмен, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама