Украинада тағы бір ресейлік зымыран көпқабатты тұрғын үйге түсті

Еркеғали Болатұлы

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

фото: glavnoe.ukrainianwall.com

Украинаның Краматорск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйге зымыран құлап, 3 адам қаза тапты. Оған қоса, тағы 20 адам зардап шеккен.

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Шабуылға ұшыраған үйдің тұрғындары уақытша жергілікті мектепке көшірілді.

BBC-дің хабарлауынша, Донецк облысында қиянкесі шабуыл жүріп жатыр. Ресей күштері Бахмут төңірегінде Украина армиясының сол жақ шебін ығыстырып, Угледар қаласына шабуылды үдете түскен.

Сондықтан АҚШ, Германия және Британия бастаған елдер Киевке әскери көмек жеткізе бастады. Ал Кремль болса, Батыстың қару-жарағы қақтығысты өршітеді, дегенмен оның бағытын өзгерте алмайды деп мәлімдеп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін де Ресей әскері Днепрде бейбіт тұрғындарды зымыран астында қалдырғанын жазған болатынбыз.